Қазақстан • 01 Тамыз, 2018

Қазақстанда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық  акциясы өтеді

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялдар қызметінде «Мектепке жол» акциясы басталуына арналған баспасөз мәслихаты  өтті.

Қазақстанда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық  акциясы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы жариялайды. Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Шараға Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков;  «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру және аймақтық жұмысы департаменті директорының орынбасары Сақтаған Сәдуакасов; Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан СМАТАЕВА қатысты.

«Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетті. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысады».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.

Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз.